Ұрып-соқты, қол жұмсады. ~ Мені өлім жазасына бұйыру былай тұрсын, қол көтеруге хақысы жоқ! – деп мәз боп мен тұрмын. М.б.Т. ~ Өлтіреді екен деп айылымды да жимаймын. Маған қол көтеретін кісі бұл маңнан табыла қоймас. Табыла қойғанда да, оңайлықпен өлмеспін: бір өзімде үш мылтық бар, жанынан безген адам нешеу дейсің, өлсем де жастығымды ала өлермін! Б.Майл. ~ Еркектік танытып, ауылдағы кей құрбысындай әйеліне өмірінде, ашу шақырып, қол көтерген де емес. М.Сүн.
- Жеңілісін мойындады, берілді, тізе бүкті. ~ Иә, соғыс тілімен айтқанда, сіздер мені мықтап «қоршауға» алдыңыздар. Қол көтеруге тура келеді-ау деймін. К.Қаз.
- Дауыс берді, қолдады. ~ Кәне, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегендерің қолдарыңды көтер біреу, екеу… жоқ. Өздері сөйлесін дегендерің қол көтер… төртеу, бесеу… өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды. Ж.Айм. ~ Үй іші құлаққа ұрғандай тынған. Үн-дыбыс жоқ. Табиғат дәл сол минутта кірсіз көңілмен «ғибадатқа» кіріскен Нағиманы қоштап, Нағима үшін бәрі де қол көтеріп, тілек істейтін секілді… Б.Майл. ~ Сұрау сөз бітті. Мәжіліс ағасы дауысқа салуға кірісті: — Қәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер! Жұрт біріне-бірі қарап, көтереріңде, көтермесінде білмеді. Б.Майл.
- Көлік тоқтатты. ~ …Қарамайдай жылбысқы түн. Бала жол қапшығы арқасында, жөңкіп жатқан машиналарға қол көтереді. Екі-үш жеңіл машина сырғып өте шықты — қорқады. М.Қаб.
