Қол шапалақтап, ілтипат көрсетті. ~ Көпшілік дуылдаса түсіп барып, дүркірете қол соқты. Оркестр туш ойнады. М.Сүн. ~ Сірә, көрермендерге Ханшайым онша көп таныс болмауы керек, жұрт самарқаулау қол соқты. І.Ес.
- Келісті, ымыраласты. ~ Қайтейін сені, бауырым, Тым тұйық, бұйық баласың, Әкеңменен қол соғып, Алады-ау сатып сасық бай. М.Жұм.
