Қолды ауыртады; тым ыстық не суық д. м. ~ Жүріп келе жатқанда жып-жылы кабина іші енді ызғар шашады, темір атаулы қол тигізбейді, қарып жібереді. Башпайдан. С.Жүн.. ~ Қан қатқан жерлерімді жібітіп, тазалаған болдым. Бірақ басымның таңған орны қол тигізбейді. Б.Тоғ. ~ Бала үлкен адамдай ыңқылдап, көзін бір ашып, бір жұмып жатқан – ды. Денесі қол тигізбейді, өртеніп тұр, қырық градус. Ботабек укол салып, дәрі ішкізіп еді, сонда да қызуы түспеді. Н.Сер.
- Ештеңе істемеді, шырпы басын сындырмады. ~ Салынғанына биыл он сегіз жыл толыпты, жыл ара әктелгені болмаса, Бек «қожайын» болып қол тигізген емес. Б.Тоғ.
- Маңына жолатпады. ~ Көңілім Кәмилада еді, ол тіпті білегіне қол тигізер емес. Шәкәрім хажының баласы Зиятпен бірге Семейде жүр дейді. Б.Тоғ. ~ Жол тік шаншылып көтерілетін тұстарға келгенде, Әсет кейін сусып түсіп қалмау үшін Зағипаның белінен құшақтап ұстап алады. Ол кезде Зағипа етіне қол тигізбей орғып тұратын киіктің лағындай шәлкес мінезді, ерке қыз болатын. С.Мұр.
