Posted in

ҚОЛ ТИГІЗІП КӨРМЕДІ

Ренжітіп, көңілін қалдырған емес. ~ «Мамам мені өлтіреді» дегенім, әрине, жай сөзім. Мүмкін, сәби кезімде ұрса, ұрған шығар. Бірақ ес білгелі ол маған қол тигізіп көрген емес. Қандай реніші болса да сөзбен айтады, қас-қабағымен білдіреді. Б.Соқ. ~ Өмірі әйеліне қол тигізіп көрмеген Жанәли, бойын кернеген ызадан болар, Шараны сабап тастағысы келді. Ә.Тар.