Ұрлық-қарлық. * … ақырында қалада Фатихолла байда екендігіне көзі жетіп, шаһар ішінен қол іс қылып ала алмаспыз, … несиеңді бергізбейміз десек, қорқар деп маслихат етті. М.Дулат. * «Жарқыным атың қолды осы жақтан» — «Кім дегеннен?!» — «Кәдімгі Қара болыс. Қашаннан Қара болыс ісі — Қол іс. С.Мұқ. * Алақан қышуы әлі басылған жоқ. Есенейдің көзінше қол іске бара алмай, найзасына сүйеніп зығырданы қайнап тұр еді Ғ.Мүс. * … Шыңғыс қылығына қанша наразы болса да қол іске де, қолма-қолға да қарсы, заңдылықты аттап өтіп көрген емес. Ғ.Мүс.
