Ілтипат қылып, құрмет танытты. ~ Әмірші қалған әмірлердің алдын орап, Ұлы ханды қол қусырып қарсы алды. Ә.Кек. ~ – Білмесең мен айтайын, ол екеуі біздің өздерін компартиядай көріп, табынуымызды талап етеді. Істеріне шек келтірмей, ләппайлап қол қусырып тұруымызды ғана жақтырады. Қ.Шаб.
- Айтқанына көнді, құлдық ұрды. ~ О, жеңеше, сол дұрыс. Мәймөңкелеп жатуды мен де ұнатпаймын. Айтқаныңыз болсын деп қол қусырып, бас шұлғимыз онда Майсара екеуміз. С.Смат. ~ Дәм үстінде, дастарқан басында отырып келісімге келелік. Айып бізден, ағайын, ауыртпалықтарыңцы көтеруге әзірмін, — деп Бабас қол қусырып, тізе бүгіпті. Б.Мом.
