Алыстап кетті; араласудан қалды. * Ықаң қашаннан орыс ішінде жүріп, елден қол үзіп, алыстап кеткен кісі еді; елдің дау-шары о кісінің миына бармаушы еді; ел сөзінен гөрі о кісіге бір рүмке арақ кәдірлі еді. Ж.Айм. * Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Ертістен күдер үздім-ау. Құзында ұлар жайлаған, құмында киік ойнаған Ерентау, Алтайдан қол үздім-ау. … – деп бір тоқтады. Ғ.Біл. * Сүйтіп жүріп, … тіліміз құрыды, ұлтсыздандық, тамырымыздан қол үздік, мәңгүрт болдық… ой-бой, көз жасымызды көлдей қыламыз. Ал одан мүйіз шыға ма? Г.Бельг.
