Posted in

ҚОЛ ҰСТАТАР

Қалыңдығының қолын ұстатқаны үшін жеңгелерінің күйеуден алатын кәдесі. ~ Әнші жүр әбден жаттап «бет ашарды», Боз бала, жас келіншек, қыз — «аужарды». Кім алар «шаш сипатар», «қол ұстатар», Бәрі де күні бұрын ойланған-ды. Қ.Аман. ~ Күзгі ақша қар мен түйдектелген ұшпаның ызғары еркіне қоймай, “қол ұстатарды” тосқан кәдешіл қатындардың аяқтары тоңып қатып барады. С.Тор. ~ Ең алғаш Абайдың атын да, оның «Айттым сәлем Қаламқас» дейтін әнін де мен Рақымбектен естідім. Жоғарыда атаған Хауа тотемнің қол ұстатар ырымын жасағанда жап-жақсы той болды. С.Бег.