Жайпап тастады, қырып-жойды. * Шалқытып салып отырған ән де, қоғадай жапырып шалдырмай отырған әзіл де бетімен қалып, Теріс таңба алыстағы бір ойға шоматын. Ғ.Мүс. * Қолына мылтық-қылыш алып, жетпегені айыр мен балта ұстап ентелеп-елеуреген тобыр батыстан-шығысқа, теріскейден-күнгейге оңды-солды шиырлап, жолындағының бәрін қоғадай жапырсын. Адам қаны судай ақты Т.Сәу. * Балуанияздың найзасының ұшынан құлап түскенін көзімен көрді. Бұдан кейін Балуанияздың қайратының судай тасығаны сондай, қашқан жауды қоғадай жапырды. А.Өтег.
ҚОҒАДАЙ ЖАПЫРЫЛДЫ
Бәрі бірдей құрақ ұшып, ынта қойды; асты-үстіне түсіп, ізет көрсетті. ~ Біз күлкімізді тыйып үлгіргенше іштен қойқаң қағып Зайкүл шыға келді. Бәріміз оған қарай қоғадай жапырылдық. Ә.Нұрш. ~ Әрине, біздің шағын қаладағы қыз атаулының бәрі оған қоғадай жапырылатын. А.Рэнд. ~ Солдыра солқылдатып жүрегіңді, Сараны сөзбен түйрей, күле кірді, Қоғадай жапырылған көп ішінде Біреулер қабақ шытып, бірі егілді. С.Им. ~ Жатқандай табандағы тас үгіліп, Аллалап кей біреудің басы бұғып, Анталап екі жақ та тілеу тілеп, Қоғадай желді күнгі жапырылып. Н.Сей.
