Posted in

ҚОҒАЛЫ КӨЛДЕР, ҚОМ СУЛАР

Оты мол, суы мол туған жер, ата мекен д.м. ~ Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын
алшайтып Арғымақ мінген өкінбес. Доспамбет ж. ~ Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған, Саздауға біткен құба тал ағаш Кімдерге сайғақ болмаған. Махамбет. ~ Атыраудан «АН- 24» деген ұшаққа мініп, Астраханға қарай ұшсаңыз, сонау биіктен «қоғалы көлдер, қом суларды» көресіз. Ш.Мұр. ~ Шерлі бір күй шеккен алап, Қайтар болса, қонсын бәрі! – Жәудірейді көкке қарап Қоғалы көл, Қом сулары… Ғ.Жайл. ~ Одан әрі Көкшеге құлай алмай, олар Қорғалжын төңірегінде қоныстанып, қалып қояды, Қоғалы көл, қом сулы жерден кірті тауып, қыстау-қияу салып, үйленіп, селбесіп тұрақтайды.
Б.Қыд. ~ Қоғалы көлдер , қом сулар » Қонысы болған бұл елге Бір тілек айтып кетейік Ауылға қарай жүрерде. К.Ахм-а.