Әлдебір істі ұятқа балады. ~ Қайдан білейін, қарағым, өздерің жол сорып, аяз сорып шаршап келесіңдер. –Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек. – Бұл сөзді есін әрең жиған Аманжан айтты; Қарап тұра беруді әбес көрді ме, ол да амалсыз күрек алды қолына. О.Бөк. ~ Екеуміздің арамызда бір кірбіңнің болғанын анам мен әкем сезеді. Бірақ батып сұрауға әбес көре ме, үндемейді. Н.Сер. ~ Алаш атырабында мұндай талай атақты кезігіс болған. Бізге етенесі – Әсеттің Кемпірбайдан көңіл сұрап барар сапары. Бұл теңеуімізді артық, әбес санасаңыз, алыстан мысал табайық. Гогеннің Таити аралынан Парижге оралуы. С.Сағ.
