Posted in

ӘБЕС СӨЗ

Ойланбай айтылған, намысқа тиетін, дөрекі сөз. ~ Ұлбосын ішін кернеген қайғы-қасіретін білдірмеуге тырысып, елеусіз мұңая қалды. Әйелді маған таныстырғанда бітеу жарасының аузын тырнап алғанын енді сезіп, аңдаусызда аузынан әбес сөз шығып кеткеніне өкінсе керек, Сәмет қипақтап мақтабілтеге басты. С.Ом. ~ Ондай ойым жоқ еді, – деді Алмас, менен қаймыққандай көзілдірігін қолымен көлегейлеп. – Саған балаша еркелеймін деп, бір әбес сөз абайсызда аузымнан шығып кетті. Кешір, айналайын!.. С.Ом.