Әбден мүмкін, ғажап емес. ~ Одан әрі екеуі Ботабайдың “офисінде” бірде алма–кезек, бірде қосыла армандаған. Енді айлық екі есе өседі, орынбасарлыққа іліксе үш есе… Жинай береді, жинай береді… − Бастықтың өзі болып кетуім де әжеп емес, — деп қояды Ботабай арзанға алған ескі креслоның үстінде бойын қомдап. Н.Дәу. ~ — Соның бәрін, іштегі қоясы түскен соң, құлпырып шыққан бүркіттей, көңілдендіріп алып қозғалуыңа болады. Анық қыбы қанып кетсе, татар қыздарды ермек үшін тыңдап көруі де әжеп емес… Солар арқылы Гүлназымға да себі тиіп кетуіне болады,— Әліхан осындай пікірлерді айта отырып енді тек «пәре» керек екенін қорыта сөйлеген. Ж.Ахм. ~ Қожайынмен таныстырып қоямын. Алда-жалда іздеген адамыңды соған айтып қойсаң, әрі кетсе бір аптаның ішінде тауып береді. Оның зияны жоқ. Түркістан мен Шымкенттің саудагерлері осы бір орынға көп келгіш-ақ. Тамыр-танысыңды да кездестіріп қалуың әжеп емес. АҚ “Арпалыспен…”
