Posted in

ӘЖУА ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Біреудің мазағына қалды; күлкі етті, мысқылдады. ~ Мына күлімдеп тұрған әзәзіл мұнараны көрген есі дұрыс адамның ештеңе ұқпауы, ұқса, мұны әжуа қылмауы еш мүмкін емес. Ә.Кек. ~ Орынсыз қан төккізгенді ерлікке кім санаған? – деп бастады ананы әжуа ете, қарт жырау. І.Ес.~ Әйел мұны әжуа қылып тұрғандай көрінді. — Орнына біргәдір басқарма болыпты. Енді соның айтқанымен жүреміз. Б.Нұр. ~ Оң қолы шаршаса сол қолын, сол қолы шаршаса оң қолын бұлғап бәйек болады. Бет-әлпетінен халықты әжуа етіп тұрмын-ау деген әбігерленушіліктің мысқалдай мазасыздығы байқалмайды, сондықтан да тұла бойымнан мемлекеттік мейірбандық, иман есіп тұр деп рақаттанатын тәрізді. К.Мырз.