Діни қисса, жырларда айтылатын әйгілі сәйгүлік. ~ Күңгірлеген жылқы даусы құлағыңа жылы естіліп, еріксіз қасына келесің. Кемедегі қазақ біткен көбінесе осы төртеуінің қасында. — Пай-пай, Әзірет Әлінің дүлдүліндей-ақ бар екен! Көсілтер ме едім! — дейді біреуі. Ғ.Мүс. ~ Рүстем сынды алыптарға бола жаратылғандай адуын, кеудесі көріктей қорқыраған тұлпарлар жанарыңды билеп алады. Мұндай жылқы айшылық жерді алты–ақ аттайтындай болып көрініп, Әзірет Әлінің дүлдүліне теңеуге шақ қаласың, жоқ жерде күнәға бата жаздайсың. А.См.
