Әйел баласының қулығы, залымдығы ерекше д.м. ~ Сарқыт қыз әке-шешеге қайырылып қараған жоқ, қалың топқа сіңе берді. Өкімет назарына, ел көзіне іліккен жігітке шынымен құлады ма, әйелдің қулығы қырық есекке жүк, Сібірден қорыққан аяңкес қыз амал жоқтықтан Сүлейдің етегінен ұстады ма, өздері қашан уағда байласқан, ол жағын әлі күнге дейін білмейміз… М.Қаб. ~ «Жасанды немқұрайлығыңа басқаларды иландырсаң да, мені алдай алмайсың. Әйелдің қулығы қырық есекке жүк болғаны тегін емес. Еркектер қарсылығымызды қабылдаудан бас тартқанына ызалансақ, енді бірде бәлдене «жоқ» деген сөзімізді бірден ақиқатқа балай қалса да, ішімдегіні таппадың деп қиғылыққа саламыз. АҚ “Таразы өмір”.
