Әйел бола тұра д.м. ~ Сол жігіт құсап Жанар да неге сыпайы қала бермеді? Неге қызынды бұл? Дөрекі сөздерге дөрекі жауап берем деп, өзі де әйел басымен тым дөрекі боп кеткен жоқ па! К.Қаз. ~ Қалай дегенмен де екі шалдың реніші дұрыс еді-ау деген бір ой көкейімнен кетсеші. Әйел басымен үлкендердің сөзіне құлақ аспаған апама да наразымын. Жарылғаста ақыл айта қоятын ақсақалдар да көп емес. Қырғындай тиген қиямет заманда замандастары кардон асып, итжеккенге айдалып, әскерден жасы асып кеткендер трудармияға алынғанда ауылда бес-алты-ақ шал қалған. Қ.Ысқ. ~ Мінекей осындай ауыр міндеттерді арқалап, әйел басымен қала, дала, егіс, тау тас демей, боран, дауыл аяздарға қарамай, ердің міндетін абыроймен атқарудың өзі әйел азамат үшін үлкен ерлік. БАҚ
