Posted in

ӘЙТ, ШУ, ҚАРАҚҰЙРЫҚ

Алды-артына қарамай кетіп қалу. ~ Немене, бұл сенің басыңа көк тас қоя ма? Ертең буыны бекіп, бұғанасы қатқасын əйт шу, қарақұйрық деп тартып береді. Ш. Айт. ~ Шүкір, бақпаған қойы емес, әлі де бағады. Баққанда, Тоқай ағай тапсырғандай, тура өз атасы сияқты бағады. Сосын келер жылы совхоз берген қарағайдай жолдаманы қалтасына салады да, «шу, қарақұйрық» деп, қалаға тартып отырады. Д.Әш.