Posted in

ӘЙ КӘПІР АТАНДЫ

Жұртқа жек көрінішті болды, қадірін кетірді, көз түрткі болды. ~ Бірақ, мен осы қызыл отау маңынан тез кеткім келеді. Өйткені, расы солай ма, әлде қорыққанға қос көріне ме, бұл маңайда бетіме кім қараса, сол маған: «Елден, жұрттан шыққан бұзылған қыз!» дегендей болады да тұрады. Өйтіп «әй кәпір» атанып жүруден көрінбей жоғалсам болмай ма? «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» демей ме қазақ? Ит құрлы жоқпын ба мен? С.Мұқ. ~ Кезінде дүниені шайқап өттім десем, асылық болар, шайқалған өмірді байқап өттім. Әділдік айтар би атандым. Мүлт кеткен жерім болған шығар, бірақ нахақтан-нахақ қиянат етіп ұрт кеткен жерім жоқ. Содан да шығар елімнің алдында, қалың әлеумет жұртымның алдында тәуір атанбасам, “әй, кәпір” атанғам жоқ. С.Жүн. ~ Масқара, ұят деп қоймайсың… Ол болмаса, басқа біреу өртер еді. Киелі жер құр тұрмас — құдай-ай кешіре гөр! — Басқа біреу өртесін… басқа біреу. Оған не жоқ? Ол енді бір әй кәпір атанды, өле-өлгенше сол атақтан құтылмайды. В.Рас.