Тым қымбатқа бағалады. ~ Сүйтіп тұрғанда кейінгі екі даугер келіп жетеді. Даугер енді үшеу болады: біреуі түйенің көзін, екіншісі әкесінің құнын, үшіншісі қайық пұлын сұрайды. А.Бай. ~ Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің. Е.Әбік. ~ Жүкті басқа машинаға басып, машинаны тартып, Барнаулға дейін жеткізейік десек, тоқтаған КамАЗ-дар атасының құнын сұрайды. З.Нұр.
