Есі кете қуанды. ~ Келген шаруам пәленше деген патшамыз: «Осы маңда Атымтай жомарт деген бар, соны өлтіріп, басын кесіп алсаң керегіңше қазынадан алтын, күміс аласың», – деген еді. Сол жомартты тауып маған көрсетсеңіз болғаны, патшаның берген сыйының жартысын сізге берем. – Маған еш нәрсенің керегі жоқ, оны тауып беру оңай, – деген жауапты естігенде қанішер әкесі базардан келгендей қуанып, екі езуі екі құлағына жетіпті. ҚЕ. ~ Ақбілек дәл бір боранда адасып кетіп, не тауда, не орманда қалып, жоғалып табылғандай көрінді. Қуанған сайын Ақбілек таза, Ақбілек періште сынды болды. «Жаным, сәулем қай жерде отыр екен? Құрмалдығың болайын!»— дегендей, Ақбілекке мүлде құлап кетті. Әкесі базардан келген балаша қуанып, Бекболат тайраңдап ауруханаға кірді. Ойы: дәрігерге қашан босатуын сұрамақ еді. Ж.Айм. ~ Қайткенде де, кішкентай Жансалқам әкесі базардан оралғандай қуанатын. Ылғи ет. Ылғи сүт. Не пісәс, не басқа тамақ жоқ. Бауырсақ тауып беріңдер деп қырсығады. М.Мағ. ~ Хансұлу! Әй, әй, Хансұлу! Көкең келе жатыр! Көкең!— деп құдды өз әкесі базардан келе жатқандай әрпіл-тәрпіл жүгіреді Қозбағар. Табаны жарқ-жұрқ етеді. Өзі Пахраддин үйінің малын бағады. О, Жаратқан Ие, сөйте жүріп Хансұлудан бұ да дәмелі. С.Ел.
