Posted in

ӘККІ ӘЙЕЛ

Көпті көрген, жырынды, залым әйел. ~ Екі келіншек дым ұқпай мырс етіп күліп жіберіп еді, Агафия Япишкина оларды ала көзімен атып: – Дұрыс, дядя Карапет! Орынды айттыңыз… Түсінікті, несі бар, өте дұрыс, – деп, әккі әйел сөздің сыңайын бірден ұғып. С.Жүн. ~ Кенжеханның көзіне үй іші кешегіден де құлпырып кеткен сияқты. Әккі әйел сандықтағы бар асылын шығарып жайнатып қойған. Тіпті төр алдындағы көрпеге дейін ине-жіптен жаңа шыққандай. Төрт қанат қараша үйдің іргесі кешегіден де кеңейіп кеткен тәрізді. Б.Тоғ.