Ойран салды. Тас-талқан қылды; астан-кестенін шығарды; әлек салды. ~ Сөйтіп, ақтың әскері қазақтың әлегін аспаннан шығарды, жау жайлады. І.Жан. ~ Біз жеген қаз дүкенші Әбдібайдікі екен. Оның көкбет қатыны келіп, біздің үйдің әлегін аспанға шығарды. Б.Соқ. ~ … сойылға жығып, кез келгенін ат омырауымен қақтырып қуалап ұрып, ауыл үстін азан -шуға батырған. Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Ж.Ахм. ~ Күшті болмақ түгіл, бұл заманның Әзірет Әлісі
болса да әлегін аспаннан келтірейін. С.Мұқ. ~ Патшаның жарлығынан Текежанның осы жарлығы мықты болып шықты. Ләппайлар бір сағатқа жеткізген жоқ, елпекбайларды қосып алып ауылдың әлегін аспанға шығарып лезде тып-типыл етті. Ә.Әб. ~ Соның бәрі енді жаяу таяқ, сойыл шошайтқан Әлилерді әр жерде ортаға алып, сойылға жығып, кез келгенін ат омырауымен қақтырып қуалап ұрып, ауыл үстін азан -шуға батырған. Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Ж.Ахм.
