Қатты әбігерленіп, әуре-сарсаңға түсті. ~ Деуін десе де, бірақ сонысына өзі өкінгендей аяқ астынан абыржып әлек-шәлек болды да, қолын қынжыла сілкіп орнынан тұрып кетті; сонда Бәкизат не дерге білмей, бауырына қысып алған қос тізесін құшақтап отырып қалған-ды. Ә.Нұрп. ~ Бір ол жуаз әңгіме жаздым деп көкірегім гимнастеркамды жырта көріп, көктемде тасыған шолақ сайдай күркіреп, шолтандап менің өзім қаншама әлек-шәлек болдым. Ә.Нұрп. ~ Тауық, қаздар қарқылдап, қаңқылдап әлек-шәлек боп қалды. Ж.Нәж. ~ Көбінесе қалың қара нөсер өзендерді тасытып, жиегінен шығарады. Маңындағы елдерді, жерлерді шайып, бүлдіріп әлек-шәлек қылады. А.Бай.
