Posted in

ӘЛІПТІ ТАЯҚ ДЕП БІЛМЕЙДІ

Надан, сауатсыз. ~ Әліпті таяқ деп білмейтін Ділдабай өзінен де надан біреудің табылғанына қуанғандай: ─ Әй, сана жоқ–ау сенде, сана жоқ, – деді оған кеңкілдей күліп. Т.Әбд. ~ Бұқпан отағасының өзі әліпті таяқ деп білмейтін надан адам. М.Дәу. ~ Тұнықтың балалары арыз жазыпты дегенге ол өлгенше таңғалды. — Олар тұқымымен әліпті таяқ деп білмейді. Бәкен — солардың жиені. Арызды сол жазып берген ғой, — деп Жомарт бірден дөп басты. Б.Нұр.