Күші басым болды, ырық бермеді; дегенінен қайтпады.
~ Әні кетті, сәні кетті, бәрі өтті, — Тағдыр енді салды өзіме
әлекті. Әл бермеді, әлде мені тұқыртқан қайтсем екен бұл атаңа нәлетті! С.Им. ~ Біссіміллә, біссіміллә! – деп үшкірмек болған бақсыны сілейте бір соқтым да үрпиісіп тұрған қалғандарына тұра ұмтылдым. Көпшілік қоя ма, әл бермеді. З.Төл. ~ Назар қазір ешкімге әл бермейді. Оны өзің де жақсы білесің. Жиналыс сайын сені бір айтпай қалмайды. Т.Әбд. ~ Асқар егде тартқан бәйбішесінің осынау әл бермейтін асаудай буырқанған сезімінен кәдімгідей қорқып қалған. Т.Әбд.
