Posted in

ӘЛ КЕТТІ

Күш-қуаты сарқылды, пәрменінен айрылды. ~ Қайдар үйге басын сұққанда «енді сен бірдеме қылмасаң менен әл кетті, бір сойқан болар-ақ» дегендей боп, Дәметкен жаутаңдап Жұмакүлге қарады. Т.Сәу. ~ Осыдан барып айналымдағы доллардың көлемі артып, теңгеден әл кетті. БАҚ. ~ Негізгі пайда түсіруші саланың аяғы аспаннан келген соң, ССРО-ның тұла бойынан әл кетті. БАҚ. ~ Денем дірілдеп, аяқтан әл кетті. Есімді жисам, апамның қолынан ұстап, үйге қарай аптығып келемін. А.Шим.