Сөйткенше болмай; ілезде; көзді-ашып жұмғанша. ~ Әне-міне дегенше көктем өтіп, жаз да келді. Ш.Айт. ~ Тік құлақ‚ сөлпең құйрық овчарка жетектеген үшеу әне-міне дегенше жетіп келді. А.Алт. ~ Тиіп-қашты әңгімемен әне-міне дегенше станцияға жеткен. Т.Сәу. ~ Әне-міне дегенше жүз он жетінші келіп, екінші запас жолға тұрды да, қарама-қарсыдан мұнай тартқан кілең цистерналы состав та жетті. Ш.Айт.
