Posted in

ӘПІГІН БАСТЫ

Қызуын басты, екпінін тежеді, ентігін басты. ~ … өзге қатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам десе де, Бірмағанның тымырсық қызыл қатыны әлде неше жерде әпігін басып, аузын ашырмай жүретін. Ж.Айм. ~ Билеп кеп тұмсығынан жалап-жалап алған жас маралға көзді ашып-жұмғанша шапшыды да, ендігі сәтте бар үйірді алдына салып айдап, қыр аса жөнелді. Әпігін ортекедей ойнақтап тұрған жасқа емес, сыр мінез, бабын білетін ана маралдарға басып алса да болушы еді… О.Бөкей. ~ Май құйрықты қорғасын оқ анадағы бір сүйкеп өткеннен кейін Байжанның әпігі басылған. Т.Сәук.
~ Әпігімді басқан соң, жапырылған сары шалғынның үстіне күртемді жайып жібердім де, жантайып жата кеттім. Ә.Асқ.