Салған жерден, бірден. ~ Талант па, талапкер ме? Мұны әп дегеннен айыра қою да қиын болар. Әйткенмен, теңіздің тамшысынан да, бәрібір теңіз иісі шығары хақ. Ж.Нәж. ~ Жоқтыққа ердің ері шыдайды. Ез маңайын былғайды. Сен ерсің. Кіндік қаның қырға тамса да қалада өсіп, қалада ер жеттің. Қалада күн кешіп жүрсің. Ауылдың сөзі қалаға жүрмейді. Қарашаш қарғам кінәсіз демейміз. Ауылда өскен қыз баланың сыры жер астында, әп дегеннен ашылып, ағынан жарылмайды. М.Қаб. ~ Араластырып ішем деп оңбай қалды. «Армяның» мен «Наполеоның» қосылса, пәле екен ғой, менің де басымды дыңылдатып отыр. Екеуміз сияқты сақтанған жоқ, аңқау байқұс әп дегеннен тартып-тартып жіберді емес пе. Т.Сәу.
