Әркім жеке басының қамын ойлауда, өз шаруасымен әлек. ~ Алаш болып, шашау шықпай, Алаш Ордадан басқаны білмейтін болса, «жауымды мұқалтам» деп біреуге тура шаппайтын болса, өздігінен келіп бізді билеп кететін ешкім жоқ. Әркім өз басымен қайғы болып жатыр. Біз біреуге өзіміз шауып барып, өзіміз шақырып әкеліп, төбемізге ойнатып жүрміз. М.Дул. ~ Қазір енді кімге керекпін мен? Мына кемпір де аяушылық жасап азғана күн паналатқанмен… ертең… тіпті тағдырымыз тамырласып, бар пәлені бірге көріскен Светаның өзі… осындай кездескенде бір жібімей… Әркім өз басымен әлек болған мына аласапыран дүниеде мен кімге керекпін. Үзіліп түскен жалғыз жапырақ… Қай жерде барып тынысым бітерін бір құдайдың өзі білсін. Жападан-жалғыз… дәрменсіз, панасыз… Т.Ахт. ~ Бәлкім, ол біздің нарықтық жағдайға келіп тірелген тұстағы берекесіздігімізден де шығар. Әркім өз басымен әуре болған, кітап шығару қиындаған заманға тап келдік. Р.Мұқ.
