Posted in

ӘРІ-БЕРІДЕН СОҢ

  1. Керек болса, тіпті д.м. ~ « Расында менің де әрі-беріден соң, адам боп жаралғалы арыла алмай келе жатқан жауым осылар.» Р.Рай. ~ Жайлауға шыққан соң үйленсе көңілдері елегзитіндей, зерігетіндей болып жүргені де әншейін ғана нәрсе екен… Әрі-беріден соң кейде апасы да артық болып көрінеді. Т.Нұрм.
    ~ « Өсти берсек, балам, қазақ болмай қаламыз, әрі-беріден соң. Қарғысына ұшыраймыз ата-бабаның». Н.Дәут.
  2. Бірер уақыттан кейін. ~ Отты сөндірмейді, көміп қояды, сөніп қалса қайта тұтандыра алмаймыз деп қорқып, күндіз ересектері аңға, жеміс тере кеткенде, балаға отты күзеттіріп кетеді. Әрі-беріден соң жабайылар отқа тамақ пісіріп жейтін болды. А.Байт. ~ Пристав бізді Кравченковқа жіберді. Келдік. Келісімен мені екі солдат бағынға алды. Әрі-беріден соң Кравченков шақырып, жауапқа алды. І.Жан. ~ Нағашы апасының атын өрнектеп жазып сыйлаған естелік сыйлықтарды шаң басып тұр, бір шетте үйілген кітаптар мен ескі журналдарды ақтаруға жүрегі дауаламады, әрі тас үй әжептәуір суық екен, әрі-беріден соң бойы тоңази бастады. Ж.Шам.