Posted in

ӘРІ ОЙЛАНЫП, БЕРІ ОЙЛАНЫП

Ұзақ ойланып, толғанып, сараға салып д.м. ~ Енді ауыл шаруашылығы жайында қалам сілтеймін десең, ұңғыл-шұңғылына дейін түсініп жазасың… Ал мен… әрі ойланып, бері ойланып… Саған аудандық газетті ұсынғалы отырмын. Қалай қарайсың? Өз мамандығың… Б.Тоғ. ~ Ол Күржікті орағыта бір қарап шықты. Алдыңғы аяғын көтеріп көрді де: – Ау, бұл жарыста аяғын шауып алған ат қой! – деді. Қисықмойын әрі ойланып, бері ойланып томсырайып отырды да, оқыстан: – Япырай, – деп қалды. Бұл жолаушы Рахматулла деген шала таныс кісі еді. Т.Әл.