Айтысып, тартысып, дауласып, ырың-жырың болу. ~ Ағайындар-ау, өстіп әрі тарт, бері тартпен ырғасып жүргенде есімі дүниені дүңкілдеткен астрофизикті тырапай асырып тындырамыз ғой… Д.Дос. ~ Содан кейінгі оқиғаны ойша елестетер: «Пай-пай, дүрілдеп маздаған сексеуіл шоғындай жанып-ақ келе жатыр еді… ары тарт, бері тартпен жүріп қыршынынан қидық»,-деп декан ағайы қайғы жұтар. Д.Дос. ~ Там төбесіндегі күрішті орып алдық дейді. Біздің ауыл қара жерге күріш еге алмай әрі тарт та бері тарт боп жүргенде… Кең жердің кенезесін кептіріп…Тамның төбесі мен есіктің алдына егін еккен жігіттің жігіті– ақ қой. Қ.Түм.
