Тиіп-қашып әр нәрсемен айналысты, ісінде береке болмады. ~ Ой деген кейде бір бұтақтан бір бұтаққа секірген ақ тиынға ұқсайды. Әр нәрсенің басын шалып басым ауруға айналды. І.Ес. ~ Қартайып, қайғы ойлаған пенденің көңілін әр нәрсенің басын шалып, қай-қайдағыны есіне түсірмей ме. О.Бөк.~ Бұл Айжанның сөйлегеніне мәз, тағы бірдеме сұраса екен деп тілейді. Көңілі түскенде, ол әр нәрсенің басын шалып, өзінше тәп-тәуір әңгіме айтқан болады. Д.Әш. ~ Ол ендігі сәтте не ойларын білмеді. Сырғақсып, әр нәрсенің басын бір шалып, қиялын тиянақтана алмайды. Т.Әбд. ~ Күреңбайды қарсы алдына жақын отырғызып, әуелі «Тақыртөбе» жақтан тыңнан не хабар бар?» – деп шыжымдап сыр тартты. Әрненің басын бір шалып, көр-жерді сұрағыштап, қутыңдап отыр еді. С.Ом.
