Қатты ыстық, қапырық. ~ Шілде айы. Әуе айналып жерге түскендей қапырық. Ә.Шәр. ~ … боз шағылдардың сексеуілі тынымсыз соққан желден бе, әлде әуе айналып жерге түсер ыстықтан ба, әйтеуір, шаңдақ бейнемен алғашқы түсер қырбаққа дейін бір өңін, бір түсін сақтап баратын да селт етпестен томаға- тұйық жатар еді. О.Бөк. ~ Әуе айналып жерге түскен қапырық ыстықтан қақырап айрылған шөлейт далада қаңырығы түтеп, кенезесі кесіліп, өкшесі тесілген қалың ел шулап-шұрқырап жүріп қаптық бойындағы ырғайтының жалғыз суатына таяған шақта қыруар қырғынға жолығады Ғ.Біл.
