Posted in

ӘУКЕСІ САЛБЫРАДЫ

  1. Әлденені уайым қылып, ұнжырғасы түсіп кетті. ~ Жиылыс соңынан күн үзын қалғып отырған кілбік көз Бүқабай мелиса әукесі салбырап, орнынан тұрып мылтығы бар үйлердің тізімін оқыды. С.Ел. ~ Әй қатың ананы қара!..— деп Жанишаны қасына шақырды.— Құдай берді, ана қайныңның әукесі салбырап құлап тұр! Өзін шайға шақыршы. Ғ.Мүс. ~ Сабырлы жігіт қой. Бірден «күйдім, жандым» дей ме. Әп дегеннен әукесі салбырағандар тұрлаусыз болады. Айтатынын кейінге сақтаған ғой. Т.Ахт.
  2. Көңілі кетіп, бейіл білдірді. ~ Манадан әукесі салбырап, көзін алмай қарап тұрып, енді бәлденуін қарашы мұның! Ғ.Мүс. ~ Шын айтам. Бұзық шал ол. Кемпірі жоқ екен. Жас иіс керек деп әукесі салбырап жүр. Байқа! Т.Сәу.