Көңілі түсіп, елжірей қалды д.м. ~ Қайда барасың, бол осында балам, ـــ деді шал да шөкеге әукесі түсіп, Шөкенің басқа барар жері де жоқ еді. Б.Жұм. ~ Шалдың өзінің кемістігін мойындағаны ма, әлде шынымен Шөкеге әукесі түсіп осы отбасының бір мүшесі етіп алғысы келді ме? Б.Жұм. ~ Өзің кімсің, жол тосып елге әукесі түсе қалған! ـــ деді алдыңғы рет шөкеге таныс шапыраш көз, қара сақалды адам алда тұрған екеуге ежірейе. Б.Жұм. ~ Жоғарыда айттық қой, Қытай чиновниктерінің, Қытай идеологтарының Жұмабайға неге әукесі түсе қалғандығын. Қ.Жұм.
