Шала бүлінді; сабылды; әбігерге түсті. ~ Есіткен адамның төбе шашы тік тұратын өсектер бар. Қайдан шығып жатыр, таратып жүрген кім? Оны анықтаған адам жоқ. Бір сыпыралары есі жөн өсекке сол күйінше нанып жатыр, бірсыпыралары шикілігін сезгендей болып, әуре-сарсаң болып отыр. Б.Майл. ~ Менің оңаша ойлап білуімше: бизнесшілер оны сорттап салып, өлшеп сататын арнаулы ыдысты жасайтын хас шеберді таба алмай әуре-сарсаң бола бастапты. Ғ.Қаб.
