Шама-шарқын байқайын (көрермін) деген мағынада. ~ Бірақ «иттің иесі болса, бөрінін, тәңірісі бар» деген Итбайдың аранын ашқанына күйреп отырғам жоқ. Өлім біреу. Оның зорлығына тірі боп көнбеймін. Әуселесін көрейін, қарақшы кәзәптің!.. С.Мұқ. ~ Ел кезіп жүрген Алдар Шығайдың сараңдығын естиді де «бұл сығырдың әуселесін көрейін» деп, бір күні қараша үйдің түндігінен түтін бұрқ ете қалғанда, сәлемін соза айтып, кіріп келеді. ҚЕ. ~ Жалт бұрылып, қол алыса түстім де, тартыса кеттім: – Поручигің абайсызда аттан жұлып алып еді, «господин» капитанның әуселесін көрейінші! Қ.Шаб. ~ Ойларын Сүлкей айтпай-ақ түсінеді. «Ұлмын деп күні кешеге дейін төбемізден әңгір таяқ айырмаған ең, көрейікші енді… әуселеңді» дейтін болар іштері. Әй, дұшпандар – ай! С.Елу. ~ Күніге он достасып, он қастасып жататын қайран ақ тақыр, аман бол! Тірі жүрсек, саған да бір жетерміз, сосын Үшбас шырақ, әуселеңді көріп алармыз. М.Қаб. ~ Осы кезде Ұлтан дарақы дауыспен: — Кезекті диуанаға беріңдер! Енді диуананың әуселесін көрейік! — деп еді. Алпамыс бөгелген жоқ, садақты шірене тартып, жамбыны сыңғыр еткізіп атып түсірді. А.Сей. ~ Сондай мең-зең халде жүргенде Алсуға әркім-әркім қырындап сөз сала бастаған. Жалыңнан ұстатпайтын асау едің, ендігі әуселеңді көріп алайын де- гендей қатыны өлген Нысан сияқтылар жылмаң көзденіп жеңгесінің жолын кес-кестеді. Ө.Кәр. Қолыңнан не келетінін әлі-ақ байқармын д.м. ~ Қап, бәлем! Орыстар кетсін, көрермін содан соң әуселеңді! — деді топ басшысы тісінің арасынан. Б.Тоғ. ~ Бүрсікүні қайтқанымда көрермін әуселеңді… – деп миығынан бір күлді де тізгінші көлікті тоқтатты. Мен иендегі қораға келдім. Қ.Мүб. ~ Ә! Солай ма! Өкімет адамдары қараңғы қазаққа оқ атады екен ғой! Жар-р-райды! Әуселелеріңді әлі-ақ көрерміз, уәкілдер! — деп Тұмабай торы айғырдың басын шұғыл бұрды да, шаба жөнелді. Б.Тоғ.~ * Автолавкінің әйнегін жуып мал тапқан, қу, келші, кәне, әуселеңді көріп алайын! — деп, шақ-шұқ етті. М.Қаб.
