Posted in

ӘҢКІ-ТӘҢКІ БОЛДЫ

Басы қатты, миы ашыды, не істерін білмей дал болды.
~ Шөке жол бойы түнде ауылға тиген жаудың әлгіндегі тұрышқа беріп беті қайтқан топтың кім екенінің байыбына бара алмай әңкі-тәңкі болды. Б.Жұм. ~ О, тоба! Қозбағар сөйтіп әңкі-тәңкі болып отырғанда сырттан бір топ бала шулап өтті. Шегенің “алжасқан” себебін сонда түсініп, лажсыз езу тартты Қозбағар. С.Елу. ~ Шұбар таяқ пайда болғаннан бері, Айкүміс талай-талай қиялдың басын шалып, кейде ауыр-ауыр ойларға сүңги шомып, әңкі-тәңкі боп жүрді. Ғ.Сл.