Posted in

Ә ДЕГЕННЕН (Ә ДЕГЕНДЕ, Ә ДЕГЕНШЕ)

а) Бірден, салған жерден, салғаннан. ~ Екеуінің де ә дегеннен желі оңынан туа кетті.
Петербург пен Москва оқымыстылары екеуін де пышақ үстінен таратып алды. Ә.Кек. ~ Өзім
басқаратын газетте оқта– текте «О. Бөкеев» деп қол қойған очерктер жарияланады. Ә
дегеннен назар аудардым. Ш.Мұр. ~ Режиссерге ә дегеннен Әділбектің шаң қобызы
ұнамады. Қызыл қайыңнан ойып жасалған жып– жылтыр прима қобыздың дыбыс ырғағына
мән берместен, бірден қарсылық танытты. Қ.Жиен. ~ Тай терісінен жасалған он шақты талыс
ет ә дегенше туралып та бітті. Ә.Кек.
ә) О баста, шу баста. ~ Әйелін ол ә дегеннен сүйіп, жақсы көрген. Бір ғажабы, теңіз үстінде
сапарда жүріп, үйде отырған әйелі не ойласа, бір мезгілде ол да соны ойлайды екен. Ш.Айт.
~ Ендігісін қысқа қайырайын: ә дегеннен адамның ырқына көне кеткен кірекейім менен
ақылды әм айлалы екен, есін жоғалтпапты, айсыз қараңғы түнде сыбырлап қана:
«Маубасым, осылай омалып отыра бересің бе, қайрат қыл, мені шынжырдан босат,
қашайық», – деді. Д.Қуат.