Posted in

ӨГЕЙЛІК КӨРДІ

Зәбір көрді, жапа шекті. ~ Ал жетіп алып тағы да тағдырдың талқысына түсіп өзге ұлттың емес, өз қазағының арасында отырып өгейлік көрсе, мұны қалай түсінеді. Ж.Шәк. ~ Т ө л е ш. Біз де енді достың достығы қандай, қастың қастығы қандай болатынын білетін болдық қой. Бейсембі не қылып отыр бүгінгі күні? Кімнің пайдасы тиетін болса, соның сойылын соғады. Әбділдә. Әрине, осындай, өгейлікті көрмесе, туысқаннан туысқан неге кетсін? Көрермін енді жайлауы жарасып отырғанын!  М.Әуез. ~ Көргенім ылғи өгейлік, Қуанам неге тоқсынып. Жыл өткен сайын кедейлік, Жыл келген сайын жоқшылық. М.Мақ. ~ Ал, Ақтілеу әжесінің «аузынан түскен» өзі солардың арасында әлі күнге дейін өгейлік көріп келеді. Ой-өрісі, таным-білімі өскен сайын жатсынып кіріге алатын емес. Е.Әл.