Posted in

ӨГІЗ (ӨГІЗДЕЙ) ҚАРА КҮШІ БАР

Күші мығым, әлеуетті. * Мен жұмыс істемегенде қамыр илеп жүрмін бе? Цементіңді ұндай шылаймын, тасты бидайдай ұнтаймын. «Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар». Б.Қыд. * Е, сенің өгіз қара күшің бар ғой! – деп күлді Елизаров. – Менің айтпағым ол емес еді. Жай, сөздің реті ғой. Иә, солай.  Ш.Айт. * Мырзалардың жанындағы жұпыны киімділер алпамса жігіттің өгіз қара күшін дәріптеп, үш литр арақты суша сіміргенде буыны босамайтындығын, қырық пұт кірдің тасын оңай көтеріп, жүріп бара жатқан пар ат жеккен күймені артынан ұстай қалып, тыпыр еткізбей тоқтата салатынын жарыса айтады. А.Смай. * Ал сен ұнжырғаңды түсіре берме: ары кетсе бір жыл, әйтпесе одан да ертерек құлан таза жазылып, өгіздей қара күші бар мықты боласың. Ш.Айт.