Posted in

ӨЗ АЛДЫНА

Жеке бөлек, дербес; бөлек тақырып (әңгіме). *  Өз алдына жеке мемлекет болып, ақ байрағы желбіреп тұрған Найман хандығы тұсында да қой үстіне бозторғай жұмыртқалай қойған жоқ. Д.Рам. * ─ Бізде қазір бәрі бар, бала бар, үй-жай бар. Ақшамыз да бар. Бағданыңның атақ-даңқы өз алдына. Ол қазір халыққа танылып қалған ел адамы. С.Шайм.