Өздігінен; жеке-дара; жұрттан бөлек; ешкімнің көмегінсіз, қатысуынсыз. ~ Бұның аты не? Барып тұрған екіжүзділік, жалғаншылық, масқаралық емес пе? Жеке адам жалғыз басымен, өз бетімен осындайды істесе, біз соны көре тұра жерге түкірер едік! Жиренгеннен өртенгендей болар едік. М.Әу. ~ Қасқыр жеп кететін бір марқа ғой бұл, – деді Өтей тұқырайған басын көтеріп, – бүйтпесе керек еді Шыңғыс. «Бала да өз бетімен істей қойды ма екен, бұны?» деген сөздеріңде де жан бар. С.Мұқ. ~ Қайран ауылда бас біріктіретін, басалқы айтатын адам болмай жүр-ау. Әркім өз тірлігімен, өз бетімен. Бірін-бірі тыңдап, біріне-бірі сүйеу болу деген жоқ. К.Қаз.
