Posted in

ӨЗ БЕТІНШЕ

Өз жөнімен; бөлек; өз дегенімен; өзімен-өзі. *  Кейде ол өз бетінше ойнап жүрген Әшімді жүгіріп барып құшырланып бауырына қысқысы кеп кетсе де, қалған балалардан бата алмайды.  Ә.Нұрп. * Енді міне, өмір жолын өзінше бастаймын деп оқу орнынан рұқсат алып, өз бетінше ізденіп жұмысқа тұрып, үлкендер жүріп өткен үлкен жолға шыққан беті… ай өтті ме, өтпеді ме, қызметінен қуылды. Д.Дос. * Дүниеде өз бетінше тұрған жамандық яки жақсылық болмайды. Қандай да болмасын сөз яки іс өзінің айтылуының немесе тындырылуының ыңғайына қарай жаман, я жақсы болып шығуы мүмкін. Т.Әсемқ. * Бала – бауыр етің деп тегін айтқан ба. Өз бетінше қыбырлаған тірлік иесі демесең ол – сенің денеңнің бір бөлігі. Т.Сәук.