Өзінің ақылы жеткенінше д.м. ~ Кімнің нені қалай жазғанына сот емеспіз. Бәрі де өз білгенінше, өз еркінше жазсын дейміз. Сіздердің сұрақтарыңыз бар ма деді. Біз өздеріңіз сұра дедік. Гончар жақсы сөйледі. М.Әу. ~ Ермек енді өзі бал ашатын болыпты. Тастарды өз білгенінше термелеп, әрбір құмалақты маңдайына, ерніне тигізіп: – Мен сені де жақсы көремін. Сен де ақылды, жақсы құмалақсың. Жаңылмай, сүрінбей, Едіге көкенің тастары құсап, тек шыныңды жасырмай айт, – деп жалбарынады. Ш.Айт. ~ Онымен сайлаушылардың шаруасы аз. Өз білгенінше істеп кетпек. Б.Мом. ~ Ол өзінін ешкімге кіріптар емес азаттығын сезінген соң, өз білгенінше емін-еркін өмір сүргісі келген шығар. Ә.Әлімж.
