Айтқанын орындатып дағдыланған қырсықтық адам туралы. ~ Аламан деп, тәртіпке, жолға, низамға көнбейтін, өз дегені болмаса басқаны елемейтін топты айтады. Бастықтан лұқсатсыз біреуді шабуға, олжалауға аттанған тәртіпсіз топты да аламан дейді. Аламандықтан өзімшілдік, бәсекелік туады. Х.Досм. ~ Ал Қожахмет әлі бала. Оның үстіне ешкім бетінен қақпай өсірген ерке. Өз дегені болмаса, шалқасынан түсіп жатып алады. Есіл-дерті ойын. Ә.Кек. ~ Бәкизат қозғалмады. Өз дегені болмаса өзгенің, әсіресе бұның айтқанымен жүріп көрмеген мына әйелге ешқандай әмірдің жүрмесін байқады.Ә.Нұрп. ~ Білгенімді бір қара көз бауырыма үйретсем, сол да пайда деп бармай қойды ғой! Өз дегені болмаса көнбейтін қыңыр адам. Бәлкім осы сор түртті ме екен. Т.Сәу. ~ Қызбалтай Досмағанбетке ғашық екенін білді. Бірақ жігіт рай таныта қоймады. Осыдан барып мұны өз дегені болмаса өлуге бейіл әйелдің өзімшіл өктем үні өбектеп, өліспей беріспейтін долылыққа дейін ұласқан. Н.Дәут.
