Posted in

ӨЗ ЕРКІ ӨЗІНЕ ТИДІ (ӨЗІНДЕ)

Біреуге тәуелділіктен құтылды, өз қалауымен күн кешті, еркіндікке қолы жетті.  *  Мақалада Жақып атты баланың базарға барып, тордағы кішкене құсқа азаттық алып бергені туралы айтылады. Өз ісіне марқайған Жақып тәтті қиялға да беріледі. Азаттыққа ие болып, өз еркі өзіне тиген кішкене құс та балаға алғысын жаудырып, көк аспанға қалықтайды.  А.Байт.* Бөкен шалмен қысқа қоштасты да, ылдилап жүріп кетті. Манағыдай өрекпіп сүлік қараға қамшы да үйірмеді. Өз еркі өзіне тиген соң, оның да желігі басылып, жұмсақ аяңына басты. Қ.Жұм. * … іңірде сапар шеккен шаруа, жетіскенінен сапар шекпеген шаруа, күндізгі жұмыстан қолы босап, өз еркі өзіне тиген соң, кеше кешке дайындаған отынын тиеп қайтуға барады … О.Бөк. * Сағындықпен бұдан былай бірге тұруға риза болмаған себепті, басына бостандық алады. Кімге тисе де өз еркі өзінде, — деді. І.Жанс. * Өз еркі өзінде жүрген кезінде, қара қазақ түгіл, қылышынан қан тамған халдайға да дес бермепті… Ер жігітке бұдан артық не керек?  Қ.Жұм.